🔹Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Камиль Куруглиев еркін күрестен (U-17) Әлем чемпионы атанды. 92 келіге дейінгі салмақта ол өзінің басты жекпе-жегінде Венгриядан келген қарсыласын 11:0 есебімен жеңді. 
 
Айта кету керек, Камиль-Куруглиевтер әулетінің балуандарының жарқын ұрпағы. Әкесі Магомед, Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында кезінде Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері болған. Ал балуанның немере ағасы-Дәурен Куруглиев (Еуропалық ойындардың чемпионы, Еуропа чемпионы) Ресей Федерациясының еркін күресінің өкілі.