Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының бұйрығымен ағымдағы жылдың 18 мамырынан бастап Маңғыстау облыстық күрес бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы қызметіне Шыңғыс Әбдіхалықұлы Каирмагамбетов тағайындалды.
Шыңғыс Әбдіхалықұлы Каирмагамбетов – грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Грек-рим күресінен ҚР чемпионы, Азия біріншілігінің қола жүлдегері, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері.
 
Еңбек өтілі:
2013-2014 ж.ж. Маңғыстау облыстық күрес бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде грек-рим күресінен жаттықтырушы.
2015-2016 ж.ж. Маңғыстау облысы әкімінің аппараты терроризмге қарсы комиссия бөлімінің инспектор маманы.
2016-2017 ж.ж. Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында спорт нұсқаушысы.
2017-2018 ж.ж. Маңғыстау облыстық олимпиадалық резервін даярлау орталығында спорт нұсқаушысы.
2018-2020 ж.ж. "Маңғыстау-Арена" БЖСМ

Сұрақ қою