«Маңғыстау облыстық күрес бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі», 2018 жылдың «1 наурыз –алғыс айту күнін» спортшылармен атап өтті. Мектебіміздің спортшыларымен жаттықтырушылары оқу-жаттығу сабағын Қазақстан Республикасының гимнімен бастады.
Спортшыларға осы күнің шығу тарихын, қадыр – қасиетін түсіндіретін видеоролик көрсетілді.
Видеороликтен кейін спортшылар өздерінің жаттықтырушылары Роман Ахмедханов пен Юлия Хамелисты мерекемен құттықтады.
Құттықтаудан кейін балаларға қазақтың салты бойынша дәм таратылды.
2018 жылдың 01 – 28 ақпан аралығында өткізілген қайырымдылық акциясында жиналған: азық-түлік (ұзақ мерзімді), балаларға кітаптар, киімдер, мектепке қажет құралдардар, жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға бөлініп берілді. Әйелдер күресі бойынша аға жаттықтырушы А. Мухалев жағдайы төмен отбасыға теледидар табыс етті.
Мектебіміздің ішіне «Алғыс күніне» арналған көрнекіліктер ілінді.